Сенаттың елу бірінші жалпы мәжілісі 2024 жыл 30 мартта шақырылады

    Ел назарында 28 Mart 2024 719

    Бүгін, 28 мартта Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің кезектегі мәжілісі өтті. Мәжлісті Сенат төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Онда Сенаттың елу бірінші жалпы мәжілісі 2024 жыл 30 мартта шақыру туралы қаулысы қабылданды.

    Атап өткендей, бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өтетін жалпы мәжілісте бірқатар мәселелер талқыланады деп күтілуде.

    «Телекоммуникациялар туралы», «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына сот билігінің тәуелсіздігінің кепілдіктерін нығайтуға, сот қызметі туралы жұртшылықты хабардар етуге және бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», «Өзбекстан Республикасының кейбір құжаттарына қосымша және өзгерістер туралы» заңдар солар қатарында.

    Сондай-ақ, жалпы мәжілістің күн тәртібінде «Қылмыстық табыстарды легалдандыру мен қаржыландыруға қарсы күрес бойынша Еуроазия тобы туралы Келісімге және Қылмыстық табыстарды легалдандыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша Еуроазия тобы бюджетін қалыптастыру мен орындау тәртібі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ( Ташкент, 2022 жылы 1 июнь) ратификациялау туралы» Заң да орын алған.

    Сенаторлар “Халықаралық еңбек ұйымының Жұмыс істейтін ерлер мен әйелдер үшін тең қарым-қатынастар мен тең мүмкіндіктер: отбасылық жауапкершілікке ие қызметкерлер туралы” 156-санды Конвенциясын (Женева, 1981 ж. 23 июнь) Заңды да қарайды.

    Сонымен қатар, сенаторлар Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары бойынша өкілінің (омбудсманның) 2023 жылғы қызметі туралы есебін тыңдайды.

    Жалпы мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сапа деңгейін жақсарту, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау, кадастрды жүргізу жағдайы бойынша Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетіне парламент сауал жолдау мәселесін талқылау да жоспарлануда.

    Сонымен бірге, сенаторлар Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің бірқатар қаулыларын бекіту туралы мәселені де қарайды, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.