Сенаттың он бірінші жалпы мәжілісі 2025 жыл 31 октябрьде шақырылады

    Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің кезектегі мәжілісі болып өтті. Онда Сенаттың он бірінші жалпы мәжілісін 2025 жыл 31 октябрьде шақыру туралы қаулы қабылданды.

    Жалпы мәжілістің күн тәртібіне қоғам өмірі мен әлеуметтік-экономикалық саланың өзекті мәселелеріне қатысты бірқатар заңдар енгізілген.

    Атап айтқанда, «Пиротехникалық бұйымдардың айналымы туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру туралы», «Аз қамтылған тұлғаларға мемлекет есебінен заңды көмек көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге байланысты кейбір заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдар, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалану арқылы туындайтын қатынастарды реттеуге қатысты заң қарастырылады деп жоспарлануда.

    Сонымен қатар, жанылғы-энергетика саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы күресу іс-шараларын күшейту, валюта мен бағалы металдар айналымын реттеу, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру үдерісін жетілдіру, атқару ісін жүргізу тәртібін жеңілдету, аграрлық және экология саласындағы заңдылықты одан әрі дамытуға қаратылған заңдар да талқыланады.

    Сондай-ақ, жалпы мәжілісте сенаторлар халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, егіс алқаптарының шетінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру жүйесін жетілдіру туралы заңдарды да қарайды.

    Сондай-ақ күн тәртібінде Өзбекстан Республикасы Отбасы және әйелдер комитетінің төрағасы З.Махкамоваға елімізде отбасы институтын нығайту және ажырасудың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты парламенттік сауал жолдау мәселесі де бар, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates