Сенаттың отыз үшінші жалпы мәжілісін шақыратын күн белгіленді

    Ел назарында 5 Oktabr 2022 1196

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының отыз үшінші жалпы мәжілісі 2022 жылдың 7 октябрь күні шақырылады.

    Бұл туралы үстіміздегі жылдың 4 октябрінде өткен Сенат Кеңесінің кезектегі мәжілісінде отыз үшінші жалпы мәжілісін шақыру бойынша қаулы қабылданды.

    Кезектегі жалпы мәжілісте «Стандарттау туралы», «Жылжымайтын мүлікке деген құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы» және «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдар және бірқатар мәселелер қаралады.

    «Географиялық нысандардың атаулары туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы», «Азаматтарды мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына зейнетақымен қамтамасыз ету тәртібі жетілдіруге қаратылған өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы» және «Өзбекстан Республикасының кейбiр заң құжаттарына өзгерiстер енгiзу туралы» Заңдарын да талқылау көзделген.

    Сонымен қатар, сенаторлар Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамтуды бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйрену нәтижелерін талқылайды.

    Сондай-ақ, жалпы мәжілісте Ферғана облысы әкімінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру және кәсіпкерлікті дамыту туралы есебі тыңдалады.

    Сенаторлар экономиканың өндірістік салаларында жергіліктендіру бағдарламаларын іске асыруға, Арал өңіріндегі экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ заманалық инновациялық технологияларды кең енгізуде белгіленген міндеттердің орындалуын Министрлер Кабинетіне жолданған екі парламенттік сауалдың қорытындысы да талқыланады, деп хабарлайды Сенаттың ақпараттық қызметі.

    Жалпы мәжілістің күн тәртібінде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің қаулыларын да бекіту көзделген.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates