Сенатор ТМД ПА тұрақты комиссиясының мәжілісіне қатысты

    2024 жылғы 4 апрелінде Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің төрағасы Эркин Гадоев ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының жұмысшы органының бейнеконференцбайланыс түрінде өткен мәжілісіне қатысты. Оған еліміздің оннан астам сарапшылары мен заңгерлері қатысты.

    Бақылау-бюджет комиссиясының мәжілісінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 2023 жылға арналған қаржылық міндеттемелерінің орындалуы туралы қаулысы және ТМД-ға мүше елдердің Парламентаралық Ассамблеясы бюджетіне 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы үлесінің жарналарын аудару мәселелрі талқыланды.

    Сондай-ақ, мәжілісте ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің «ТМД-ға мүше мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының қызметін қаржыландыру туралы» қаулысының жобасы да қаралды және мақұлданды.

    Мәжілісте ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар Парламентаралық Ассамблеясы туралы Ереженің жобасы мен оның қызметін қаржыландыруға қатысты енгізілген өзгерістерге келісіп алды. Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттердің «Достастық балалары» халықаралық мәдени-ағартушылық форумын қаржыландыру мәселесі қаралды.

    ТМД ПА комиссиялары 2023 жылғы қызметі қорытындылады және ТМД ПА Бақылау-бюджет комиссиясының 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы ақпаратты тыңдады, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates