Шараға 13 елден 100-ге жуық парламент мүшелері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференцияда парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, заңнамалық үдерістерін жетілдіру, демократиялық құндылықтарды ілгерлету, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлін нығайтудағы өзекті мәселелері талқыланды.
Шара қатысушыларына Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларда, сонымен қатар парламентаралық диалог қарқынды дамып келе жатқаны туралы мәлімет берілді. Өзбекстанда алғаш рет жаңаланған Конституция негізінде өткізілген парламент сайлауларының маңыздылығы, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған реформаларға ерекше назар аударылды.
Конференция соңында парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және маңызды салаларда бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Сондай-ақ, сапар аясында Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің Жастар және спорт мәселелері комитетінің төрағасы Ш. Исмаилов, «Әзербайжан-Өзбекстан» парламентаралық достық тобының мүшесі, Милли Межлис депутаты Ж. Пашазадемен кездесулер өткізілді.
Кездесулерде екіжақты ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибелермен алмасу және спортты дамыту саласындағы бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, екі ел парламенттерінің жаңартылған құрамы негізінде құрылған достық топтарының қызметін күшейту, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.