Сеулде Әлішер Науаидың мүсіні ашылды

    Мәдениет 16 Dekabr 2021 2352

    Үстіміздегі жылдың 16 декабрінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Корея Республикасына мемлекеттік іссапары қарсаңында осы мемлекеттің астанасы Сеул қаласының орталығында ұлы өзбек ақыны және ойшылы Әлішер Науаиға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

    Әлемнің тағы бір көркем қаласында атақты бабамыздың рухына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты Әлішер Науаидың 580 жылдығына және мемлекет басшысының осы елге мемлекеттік сапарына арналды.

    Салтанатты шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасы Спикерінің бірінші орынбасары, Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталықтың директоры Акмал Саидов, Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі білім министрі Агрепина Шин, Олий Мажлис депутаты Виктор Пак, сондай-ақ Өзбекстан мен Оңтүстік Корея жұртшылық өкілдері қатысты.

    Хазірет Науаидың жаңа ескерткішінің түбіне алғаш рет гүл шоқтары қойылды.

    Мәлімет үшін: Бүгінгі күнге дейін Әлішер Науаи мүсіні Токио, Шанхай, Вашингтон, Мәскеу, Минск, Баку, Мозори-Шариф, Ош және Душанбе қалаларында орнатылған.

    Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасы ұлттық орталығының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates