Ауада ұшатын шаңды аэрозоль, ал тұнбаны аэрогель деп те атайды.
Шаң – аэродинамикалық жүйе, оның дисперсиялық ортасы ауа, ал дисперсті фазасы – қатты бөлшектерді құрайды. Шаң – адам ағзасына үнемі әсер ететін және белгілі бір жағдайларда ағзаға әсер ететін факторлар.
Шаң адам ағзасына әсері бойынша төмендегіше жіктеледі:
1) фиброген
2) улы
3) аллергенді
4) канцерогенді
5) қышу
6) иондаушы
Шығу тегі бойынша:
- Органикалық – өсімдік, жануар және басқа да тірі ағзалардан бөлініп шығатын;
- Бейорганикалық – әртүрлі қатты заттардан (топырақтан), минералдардан және металдардан бөлінетін.
Дисперсиялы (өлшемдері) бойынша:
- көрінетін шаң – үлкендігі 10 мкм жоғары;
- микроскопиялық шаң – мөлшері 10-нан 0,25 мкм-ге дейін;
- субмикроскопиялық шаң – үлкендігі 0,25 мкм-ден аз шаң.
Шаңның дисперстігі олардың ауадағы тұрақтылығын, тыныс алу жолдарына түсу қабілетін және қаншалықты терең енетінін анықтайды. Шаң мөлшері қанша аз болған сайын олар тыныс алу жолдарына тереңдеп еніп, өкпеде ұсталып, фиброгендік ерекшелігін арттырады.Тыныс алғанда альвеолалар негізінен 5 мкм-ға дейінгі үлкендіктегі бөлшектер кіреді. Фиброгендік ерекшелігі бойынша 1-2 мкм болатын шаңдар өте қауіпті саналады.
Шаң көру органдарына әсер етіп, конъюнктивит, кәсіптік катаракта тудыруы мүмкін, көздің шырышты қабаты мен қасаң қабығына күшті әсер етеді. Терінің ластануы, әртүрлі ингредиенттердің шаңы дерматит пен экземаның әртүрлі түрлерін тудырады. Шаңның ағзаға әсерінің әртүрлі көріністе болуы олардың химиялық құрамын белгілейді.
Шаңның негізгі әсері, ең алдымен, тыныс алғанда пайда болады. Шаңды ауамен тыныс алу негізінен тыныс алу ағзалары зақымдануының дамуына әкелуі мүмкін: бронхит, пневмокониоз немесе жалпы зақымданудың дамуына әкеледі. Кейбір шаңдар қосымша ауруларды тудыратын қасиеті бар. Оларға жоғарғы тыныс жолдарының, көздің шырышты қабатының, терінің аурулары жатады. Шаңның өкпеге енуі пневмонияға, туберкулезге, өкпенің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.
Тыныс алу жүйесін қорғау үшін шаңға қарсы респираторлар қолданылады. Көзді шаңның әсерінен қорғау үшін қорғаныс көзілдірігі қолданылады.
Денсаулық сақтау шаралары:
- Үйлердің, пәтерлердің және кеңселердің шаң кіретін терезелері мен есіктерін жабыңыз;
- Сыртта және далада медициналық масканы қолданыңыз;
- Суды көбірек ішіңіз;
- Таза ауада серуендеуді шектеу;
- Ауыз бен мұрын қуысын тұзды ерітіндімен шаю;
- Көзді жуу ұсынылады. Бұл әсіресе линзаларды пайдаланушылар үшін маңызды.
- Түтінге толы бөлмелерде темекі шегу қауіпті. Өйткені ауа-райының ластануынан денсаулығымызға келетін зиян бірнеше есе артады.
- Үйде жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, қарт адамдар, аллергиямен ауыратындар, созылмалы бронхитпен ауыратындар және балалардың үйде болуы ұсынылады.
Ташкент медицина академиясының Эпидемиологиялық кафедрасы.