Шанхайда Өзбекстанның цифрлық технологиялар орталығы ашылды

    Дүние жүзіндегі ең ірі инновациялық мегаполистердің бірі – Қытайдың Шанхай қаласында Өзбекстан цифрлық технологиялар орталығының салтанатты ашылуы өтті.

    "Дунё" АА-ның хабарлауынша, Өзбекстанның цифрлық технологиялар орталығының ашылуы цифрландыру, жоғары технологиялар және инновациялық даму саласындағы Өзбекстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадам болды.

    Орталық Өзбекстан Цифрлық технологиялар министрлігінің бастамасымен Қытайдың "Shanghai Oriental Credits" компаниясымен бірлесіп құрылған. Жоба ақпарат техологиялары саласындағы компаниялар, инвесторлар, сарапшылар және Өзбекстан мен Қытайдың ғылыми және білім беру мекемелері арасында тікелей ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

    Ашылу салтанатына Өзбекстанның цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов басшылығындағы Өзбекстан делегациясы, сондай-ақ екі елдің бизнес және технологиялық қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

    Министр Шерзод Шерматов өз сөзінде, Орталықтың ашылуы Өзбекстанның жаһандық технологиялық үдерістерге халықаралық интеграциялануы бойынша терең ойластырылған бағытты көрсететінін айтты. Ол бүгінде цифрлық трансформация ұлттық даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатынын және республика аймақтағы цифрлық ынтымақтастықтың жаңа архитектурасын қалыптастыруда белсенді қатысуға ниетті екенін де атап өтті.

    Орталықтың Шанхайда ұйымдастырылуы тек Өзбекстанның технологиялық әлеуетін көрсетіп қана қоймай, қытайлық серіктестермен практикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін берік негізді қалайды.

    Мекеме Өзбекстанның технологиялық әлеуетін ілгерілетуге, ақпараттық технологиялары саласындағы экспортқа бағытталған компанияларды қолдап-қуаттауға, венчурлық және тікелей инвестицияларды тартуға, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған көп функционалды платформаға айналады. Онда сараптамалық кездесулер, стартап тұсаукесерері, оқыту бағдарламалары мен екі елдің цифрлық экотуризмдері арасында тәжірибе алмасу үшін шаралар өткізіледі.

    «Shanghai Oriental Credits» компаниясының президенті Ху Чуан Хуа өз кезегінде орталық іскерлік байланыстарды дамытуға, инвестиция тартуға, озық білім мен технологиялық шешімдерді алмасуға қызмет ететінін атап өтті. Бұл Өзбекстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік аясындағы жаңа өсу нүктесі болады деп күтілуде. Оның айтуынша, компания Өзбекстанға Орталық Азиядағы ең болашағы зор серіктестердің бірі ретінде қалайды және мемлекет цифрлық экономиканың маңызды салаларында өз қатысуын кейейтуге ниетті.

    Шанхайда Өзбекстан цифрлық технологиялар орталығының құрылуы инновациялар, технологиялар және цифрландыру орталық орынды алатын Өзбекстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытының қисынды жалғасы болды. Бұл да екі ел басшыларының соңғы жылдардағы кездесулердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді өмірге ұсыну жолындағы тағы бір практикалық қадам.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates