ЕО арнайы өкілі кездесуде Еурокеңес Президенті Антониу Кошта мен Еурокомиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің сәлемін және ізгі тілектерін жеткізді.
Сұхбат барысында биыл сәуір айында Самарқанд қаласында өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» алғашқы саммитінде қабылданған шешімдерді жүзеге асыру аясында екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Жалпы құны 12 миллиард еуроны құрайтын инвестициялық және қаржылық-техникалық әріптестік жобаларын қысқа мерзімде әзірлеу мен ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және алдағы іс-шаралар жоспарын қарастырды.