Президент Ташкент қаласындағы махаллада жасалған жағдаймен танысты

    Саясат 10 Iyul 2025 3950

    Мемлекет басшысы Ташкент қаласының «Шайхантахур» ауданындағы «Жаңа Камолон» махалласына барды.

    Республикада жүргізіліп жатқан реформалардың «жылы лебі» әр өңірге жетіп, халықтың өмір сүру деңгейіне оң ықпал етуде. Бұл өзгерістер «Жаңа Камолон» махалласынан да анық байқалады. Мұнда көпқабатты үйлер, дүкендер мен азаматтар жиналысы өтетін ғимарат заман талабына сай жаңартылған. Ішкі жолдар тегістеліп, айналасы көгалдандырылған. Тамаша серуен аллеясы, жаяу жүргіншілер жолы, қарттарға арналған тынығу орны, балалар және спорт алаңдары салынған.

    Осы махаллада 4 600-ден астам тұрғын өмір сүреді. 60-тан аса сауда және қызмет көрсету нысандарында жергілікті жастар еңбекпен қамтылған. Биыл қолөнершілер орталығы, ауылшаруашылық өнімдері мен кондитерлік дүкендер, наубайхана ашылып, жеке медициналық пункт іске қосылды. Нәтижесінде бұл махалла жұмыссыз аумаққа айналды.

    Осы жерде «Шайхантахур» ауданындағы «Реформа штабының» жұмысы жөнінде ақпарат берілді.

    – «Шайхантахурд» ежелден қолөнер дамыған мекен. Бүгінде де бұл сала халықты жұмыспен қамту мен табыс көзі ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Сондықтан осы аудан мысалында қызмет көрсету саласын дамытуға арналған жаңа іс-шаралар жоспарын қабылдаймыз, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында махалла инспекторы бөлмесінде ситуациялық орталық құрылған. Ол көпқабатты үйлердің кіреберісіндегі бейнебақылау камералары мен ІІМ-нің қауіпсіздік жүйелерімен біріктірілген. Биыл махаллада бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

    «Жаңа Камолон» басқарушы сервис компаниясы 21 көпқабатты үйге қызмет көрсетеді. Ұста мамандар мен арнайы техникалар әрқашан сақадай сай. Есеп айырысуда биллинг жүйесі енгізілген. Биыл орталық жылу құбырлары оқшауланып, электр желілері мен үй кіреберістері жөнделді, кейбір үйлерге жаңа лифттер орнатылды.

    Мемлекет басшысы алдағы уақытта басқарушы компания ғимараттарын көпқабатты етіп салып, жастар үшін кәсіптік оқыту орталықтары мен тұрмыстық қызмет көрсету орындарын орналастыру жөнінде тапсырма берді. Бұл жердегідей шағын кітапханаларды басқа махаллаларда да ашудың маңыздылығын атап өтті.

    Махалланың ашық алаңында тұрғындармен жылы жүздесу өтті.

    – Соңғы жылдары көптеген кәсіпорындар ашылып, экономика өсіп келеді. Осы ретте жастарымыз да өсіп-жетілуде. Олардың білім-тәрбиесі, денсаулығы мен жұмыс орындарын қазірден бастап ойлауымыз керек. Осы мақсатта биыл Ташкент қаласына 8 миллиард доллар инвестиция тартып отырмыз. Соның есебінен «Шайхантахурда» да жаңа жұмыс орындары, білім ошақтары мен инфрақұрылым нысандары пайда болады, – деді Президент.

    Құрметті қариялар еліміздегі өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, халқымызға бейбіт өмір мен береке-бірлік тіледі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates