ШҰЫ халық дипломатиясының Ташкент форумы өтеді

    Ел назарында 10 May 2022 1457

    2022 жылы 11-12 май күндері Ташкентте «Халық дипломатиясы – даму жолындағы өзара ынтымақтастық» ұранымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Халық дипломатиясының форумы өтеді.

    Шара Өзбекстанның ШЫҰ-ға төрағалығы бастамашылдығында өткізіледі.

    Форумға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер парламенттерінің, халықаралық құрылымдардың, беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми-талдау орталықтарының өкілдерінен құралған 120-дан астам адам қатысады деп күтілуде.

    Ең алдымен форум қатысушыларына құттықтау сөзімен Өзбекстан Республикасы Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева, Бүкілқытай өкілдері кеңесі Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары, ШЫҰ-ның тату көршілік, достық және ынтымақтастық бойынша Қытай комитетінің төрағасы Шен Юеюе және Өзбекстан Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов сөз сөйлейді.

    Екі бағытта өткен жалпы мәжілісте – «Халықаралық ынтымақтастықтағы халық дипломатиясының орны» және «Халық дипломатиясы – қазіргі заманғы мемлекетаралық диалогтың маңызды элементі: ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тәжірибесі» тақырыптарында қатысушылар «ШЫҰ отбасы» мемлекеттері арасындағы көпқырлы қарым-қатынастарды нығайту үшін халық дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану жолдарын талқылады.

    Форум қорытындысы бойынша ШЫҰ халық дипломатиясының Ташкент коммюникесін қабылдау жоспарланған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates