Бұл қадам iPad пен ноутбуктерді пайдаланған кезде оқу деңгейінің төмендеуі байқалғаннан кейін қабылданды, деп хабарлады Kazinform-ның Брюссельдегі тілшісі.

Енді баспа оқулықтарын көбірек пайдалану, қолмен жазу дағдыларын дамыту және балабақша деңгейінде экран алдында өтетін уақытты қысқартуға назар аударылады. Мамандардың айтуынша, бұл шара оқу дағдыларын жақсартуға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, оқушылар барған сайын қағаз кітаптар мен оқу материалдарын көбірек сұрай бастады, себебі олар ноутбуктермен жұмыс істегенге қарағанда ақпаратты тезірек меңгереді және жақсы есте сақтайды.

Бұл сыныпта технологияларды толықтай тыйым салу дегенді білдірмейді: цифрлық құрылғылар қолданылады, алайда үкімет кітаптар мен оқу материалдарын сатып алу үшін миллиондаған крона бөлуде, деп хабарлайды BBC.

2000 және 2010 жылдары Швеция мектептері кітаптарды ноутбуктер мен iPad-тармен алмастырды. Мақсат оқушыларды цифрлық өмірге дайындау еді, алайда нәтиже керісінше болды.

2000 жылдары Швеция Еуропада сауаттылық деңгейі ең жоғары елдердің бірі болғанымен, соңғы кездері бұл көрсеткіш төмендей бастаған.

Бірнеше жылдық  төмен нәтижелерден кейін, PISA (оқу, математика және табиғи пәндер  бойынша халықаралық тест) бойынша 15 жастағы оқушылардың балдары 2012 жылы ең төменгі деңгейге жетті.

Енді оқулықтар сыныптарға қайта енгізілді және оқу көрсеткіштері қайтадан жақсарып келеді. 10 жастағы оқушылар үшін ұлттық оқу сайысы басталды және ең көп кітап оқыған сынып жүлде ұтып алады.

Швеция үкіметі цифрлық оқу құралдарын тек олар оқу үдерісін қолдаған жағдайда ғана пайдалану керек деп есептейді.

Дәстүрлі оқу құралдары оқушылар мен мұғалімдер үшін маңызды, алайда көптеген мектептерде әлі де қажетті оқулықтар жетіспейді. 2023 жылы үкімет мектептер мен балабақшалар үшін оқулықтар мен оқу құралдарын сатып алуға арналған жаңа мемлекеттік субсидия енгізді. 2023 жылы жалпы 685 миллион швед кронасы, 2024 жылы 658 миллион және 2025 жылы 755 миллион швед кронасы бөлінді. 2026 жылдан бастап жыл сайын 555 миллион швед кронасы бөлінуі жоспарланған.

2028 жылы жаңа міндетті мектеп бағдарламалары енгізіледі және мұғалімдерді қолдау үшін оқулықтар мен оқу құралдары қажет болады. Сондықтан үкімет 2028 жылға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын сатып алуға қосымша 500 миллион швед кронасы бөледі.

Швеция мектептерінде ұялы телефондарға тыйым салынған, деп хабарлады oz.inform.kz.