Кейін екі ел басшысы Халық жиналыстары залында келіссөздер жүргізді.

Қытай тарапының мәліметінше, Си Цзиньпин кездесу барысында Қытай мен АҚШ арасындағы ортақ мүдделер қайшылықтардан әлдеқайда басым екенін атап өтті. Оның айтуынша, екіжақты қатынастардың тұрақтылығы бүкіл әлем үшін маңызды.

«Екі мемлекет қарсылас емес, серіктес болуы керек. Біз бір-бірімізді қолдап, ортақ өркендеуге ұмтылуымыз қажет», — деді Қытай басшысы.

Сонымен қатар, “Америка дауысы” радиостанциясының хабарлауынша, келіссөздерден кейін екі көшбасшының Пекиндегі Тяньтань алаңына бірге баруы жоспарланған.

Ақ үйдің мәліметіне сәйкес, Дональт Трамп пен Си Цзиньпин бейсенбі күні ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген тарихи кешенге барады, деп хабарлады Kazinform.