Шарада Шэньси провинциясының губернаторының орынбасары Ван Хайпен, «Zhejiang Loong Airlines» әуе компаниясының президенті Гао Инчжань, Сиань халықаралық әуежайының бас директоры Тан Шаофэй, Қытайдың солтүстік-батыс аймағының азаматтық авиация әкімшілігі басшысының орынбасары Ниу Цзюньмин мен Өзбекстан елшілігінің өкілдері сөз сөйлеп, Сиань-Самарқант-Сиань бағытында жүзеге асырылатын бұл рейстің маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
Салтанатты шараға Қытайдың 20-ға жуық туристік компаниясы, мәдениет және туризм саласының 30-ға жуық өкілі және 10-нан астам БАҚ өкілдері, сондай-ақ Сианьдағы шетелдік дипломатиялық өкілеттіктердің қызметкерлері қатысты.
Қонақтарға соңғы жылдары түрлі салаларда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар, шетелдік инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайлар, еліміздің туризм әлеуеті туралы кеңінен айтылды.
Осы уақытқа дейін екі ел арасындағы рейстер саны аптасына 20-ға дейін ұлғайғаны хабарланды.
Бұл рейстерді «Uzbekistan Airways», «Zhejiang Loong Airlines», «China Southern Airlines» әуе компаниялары ашқан, жүзеге асырылып жатқан рейстер Пекин-Ташкент арасында 7, Үрімші-Ташкент арасында 5, Сиань-Ташкент арасында 3, Чэнду-Ташкент арасында 3, Сиань-Самарқант арасында 2 бар екенін мәлімдеді.
Шара соңында Қытай тарапымен осы бағыттағы жүйелі жұмысты дәйекті түрде жалғастыру, атап айтқанда, сала қатысты келісімшарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, жақын арада екі ел арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 100-ге жеткізуге келісілді, деп хабарлайды «Дунё» AA.