«Silk Avia» әуе компаниясы Қазақстанның Түркістан қаласына рейстерді жолға қоюда

    «Silk Avia» бірінші аумақтық әуе компаниясы тағы бір халықаралық бағыт – Самарқант – Түркістан – Самарқант бойынша ұшу рейстерін жолға қояды.

    Алғашқы ұшу ағымдағы жылдың 14 октябрінде чартер негізінде жүзеге асырылады. Ұшу уақыты 1 сағат 20 минут. Билет бағасы бір жаққа 920 мың сумнан басталады. Билет құнына 5 кг қол жүгі және 20 кг багаж кіреді. Әуе билеттерін silk-avia.com ресми сайтында, байланыс-орталық операторларынан +998(55) 501-22-12 немесе Өзбекстанның барлық халықаралық әуежайларының кассаларынан сатып алуға болады.

    «Алдағы уақытта Самарқанттан Түркістанға тұрақты түрде рейстерді жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ Қазақстан тарапының бастамасымен әуе компания Ферғанадан Түркістанға рейстер ашу мүмкіндігін қарастыруда», - деп толықтырды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

    Естеріңізге сала кетейік, «Silk Avia» ағымдағы жылдың 25 апрелінен бастап Өзбекстан қалаларына тұрақты рейстерді жүзеге асыра бастаған. Әуе компаниясы биылғы жылдың август айында Ыстықкөлге алғашқы халықаралық рейсін жасады. Арзан әуе компания ретінде қызмет көрсететін әуе тасымалдаушы паркінде 70 орынға арналған үш ATR72-600 ұшағы бар.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates