Сырдарияда Президент мектебі ашылды

    Білім 20 Noyabr 2021 1579

    Бүгін Сырдария облысында Президент мектебі ашылды.

    Мектептің мұғалімдері мен оқушыларынан құралған ұжым үстіміздегі жылдың май-август айларында қалыптастырылды. Мектепте 144 оқушы білім алуды бастады. Келесі жылдан бастап бесінші сыныпқа тағы 24 оқушы қабылданады, барлығы 168 ұл-қыз білім алады. Оларға көп басқышта тестілеу негізінде іріктеліп алынған 21 жергілікті және 11 шетелдік оқытушы сабақ береді. Сабақтар Кембридж оқу бағдарламасы негізінде өтіледі, деп хабарлайды Сырдария облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

    • Елімізде «Жаңа Өзбекстан – босағадан басталады» идеясы аясымен елімізде жүргізіліп жатқан реформалар өз жемісін беруде, – дейді мектептің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі.

    — «Мемлекет басшысының бастамасымен білім беру саласына жаңа жүйенің енгізілуі ұл-қыздарымызды көбірек ізденуге, терең білім алуға түрткі болса, сіз бен біз өзімізге жасалған мүмкіндіктер мен қолайлылықтарды дұрыс пайдаланып, Отанға адал кемелденген азамат болуды талап етеді.

    Белгілі ағартушы Абдулла Авлонидің «Тәрбие біз үшін не өмір, не өлім, не медет, не апат, не бақыт немесе пәлекет мәселесі» деген терең мағыналы сөзі баршамыздың басты ұранымызға айналуы тиіс.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates