Саясат саласындағы жетекші әйел: өнеге болатын адам

    Үстіміздегі жылдың 15 апрелінде Олий Мажлис Сенаты,Әйел-қыздардың қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі Республикалық комиссиясы және БҰҰ Даму бағдарламасы ынтымақтастығында сондай-ақ Ұлыбританияның Ташкенттегі елшілігінің қаржылық көмегімен саяси партиялардың әйел өкілдері үшін жетекшілік әлеуетін арттыру бойынша 5 күндік оқу-практикалық жаттығуларға старт берілді.

    Шара гендерлік қағидаттарды саяси өмірде насихаттаушылары болған ұлттық кадрлар резервіне енгізілген кандидаттар, саяси партиялардың әйел-қыздар қанаттары және жергілікті Кеңес мүшелерінің әлеуетін арттыру, олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесетін қажетті дағдылармен қауқарландыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Шара аясында «Саясат саласындағы жетекші әйел: өнеге болатын адам» деген тақырыптағы ең жақсы сценарийлер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі де болып өтті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Бұл байқауды биылғы жылдың март айында Әйел-қыздардың қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссиясы мен БҰҰ Даму бағдарламасының Өзбекстандағы өкілеттігі ұйымдастырды.

    Саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық өзгерістер болып жатқан дәуірде гендерлік сезімтал парламенттерге деген қажеттілік бұрынғыдан да артып отыр. Ол үшін саяси ерік-жігерді, көшбасшылықты, интроспекцияны, стратегиялық жоспарлауды, реформаларды, ресурстарды және жауапкершілікті талап етеді.

    Саясаттағы гендерлік теңдік баршаның алуан түрлі және бір-біріне сай келетін қажеттіліктерін есепке алып, дағдарыстарға жақсы жауап беруге мүмкіндік береді және осылайша тиімдірек нәтижелерге қол жеткізіледі.

    Соңғы жылдары Өзбекстанда да әйел-қыздардың құқықтары, еркіндіктері және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған 50-ден астам заң құжаттары қабылданды.

    Жаңа редакциядағы Өзбекстан Республикасы Конституциясының 58-бабында әйел-қыздар мен ерлердің тең құқықтарына, мемлекет әйел-қыздар мен ерлердің қоғам мен мемлекет істерін басқаруда, сондай-ақ қоғам мен мемлекет өмірінің басқа салаларында тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне кепілдік береді.

    Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Президенті 2023 жылғы 18 декабрінде қол қойған Заңда (УРҚ-883-санды) сайлауларда әйелдердің саны саяси партиядан көрсетілген депутаттыққа кандидаттар санының кемінде 40 пайызын құрауы белгіленген.

    Өзбекстан БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық құқықтың басқа жалпыға танылған нормаларына берік екенін тұрақты көрсетіп келеді.

    2023 жылдың 1 январында Парламентаралық одақ жариялаған «Әйелдер саясатта» әлемдік рейтингінде еліміз 190 ұлттық парламенттің арасында 45-ші орынды иеледі.

    Өткен жылдың сентябрінде жарияланған ашық гендерлік ақпараттар индексінде Өзбекстан 69,7 балмен әлемнің ең жақсы 20 елдің қатарына енді.

    БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары желісінің есебіне орай, Өзбекстан 8-ші сатыға көтеріліп, 166 елдің арасында 69-орынға ие болды (ал 2022 жылы 77-ші орында еді).

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates