«Соңғы қоңырау» шараларын өткізу бойынша ұсыныстар берілді

    Білім 16 May 2023 3851

    Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі « Жалпы орта білім беру мекемелерінде 2022-2023 оқу жылын аяқтау және «Соңғы қоңырау» шараларын өткізу бойынша ұсыныстар» жасалды.

    Онда айтылуынша, “Соңғы қоңырау” шаралары “Ғылымды бағала, ғылымға талпын!” атты ұранымен ұйымдастырылады.

    Мектептерде осы ұсынысты негізге ала отырып, осы шараны ұйымдастыру барысында төмендегілерге назар аудару ұсынылды:

    жалпы орта білім беру мекемелерінде “Cоңғы қоңырау” шаралары 25 май күні сағат 8.00-ден 9.00-ге дейін «Ғылымды бағала, ғылымға талпын!» атты ұранымен ұйымдастыру;

    шараны тәртіппен өткізу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар санына қарай бұл шараға тек 1, 4, 9, 11 сынып оқушылары ғана тартылады;

    шараны махалла комитеті, ата-аналармен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп өрт және техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес өткізу және мектеп аумағына техника құралдары мен бөтен адамдардың кіруіне жол бермеу;

    «Соңғы қоңырау» шараларын, басқыштық бақылау емтихандары мен қорытынды мемлекеттік аттестацияларды өткізу, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау кезінде оқушы мен бітірушілер және олардың ата-аналарынан түрлі ақша жинауларды болдырмау;

    мектеп өміріне белсене қатысатын оқушылардың ата-аналарын моральдық тұрғыдан ынталандыруға ерекше көңіл бөлу.

    «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасының салтанатты бөлігін өткізудің үлгі сценарийі