Сұхбат басында Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Новгород облысындағы резиденциясына жасалған шабуыл әрекетін қатаң айыптады.
Мұндай іс-әрекеттер тұрақтылық пен қауіпсіздікке, соның ішінде ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған күш-жігерге қауіп төндіретіні атап өтілді.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру тұрғысынан Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.
Сұхбат соңында көшбасшылар келе жатқан жаңа – 2026 жылмен бір-бірін құттықтап, мықты денсаулық, бақыт пен бақ-береке, ал екі елдің бауырлас халықтарына бейбітшілік пен тұрақты өркендеу тіледі.