Субсидия мәселесінде азаматтың өтініші неге кешіктірілуде?

    Естеріңізде болса, өткен жылдың 2 декабрінде мемлекетіміз басшысының төрағалығымен құрылыс материалдары өнеркәсібі мен тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелеріне арналған бейнеселектор жиналысы өткен болатын. Жиналыста «Жаңа Өзбекстан» массивтерін құру бағдарламасы аясында 2022 жылы ипотекалық несие бағдарламасы негізінде елімізде жалпы 50 мың пәтер салынып, оның 22 мыңнан астам пәтері субсидия бойынша берілетіні жоспарланған.

    Ал біз көтермекші болған тақырып – субсидия бойынша өтініш берген азаматтардың құжаттарын өкілетті кеңселерден құралған комиссия қандай тәртіпте қарап жатқаны, мерзімін кешіктіру, мерзімнің бұзылуы, заңбұзушылық фактілеріне талдау жасау.

    Басынан бастайық. Субсидияны пайдаланғысы келетін азамат ең алдымен, мемлекеттік қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды тапсырады және бұл құжаттарды құзырлы органдардан тұратын комиссия мүшелері балл беру негізінде қарайды. Белгіленген баллды жинаған азамат субсидия алып, бұл мүмкіндікті пайдаланады. Егер азамат өтініші белгіленген мерзімде қаралмаса ше!? Талдап көрейік:

    Ағымдағы жылдың 18 февралі жағдайында Ферғана облысы бойынша субсидия мәселесінде мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарына жалпы 4795 өтініш түсіп, оның 1848-і қаралу үдерісінде, 2026-сы қабылданбаған, 812-сі мақұлданған.

    Министрлер Кабинетінің 2020 жылғы 25 марттағы № 182-санды қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй сатып алу немесе жеке тұрғын үй құрылысы мен реконструкциясы үшін субсидиялар төлеу тәртібі туралы» Ереже талаптарының сақталуы жағдайы Мемлекеттік қызмет агенттігі Ферғана облыстық басқармасы тарапынан электронды ақпарат жүйесі арқылы мониторинг жасалғанда, өкілетті мекемелер тарапынан жүйелі түрде заңбұзушылықтарға жол берілгені анықталған.

    Атап айтқанда, Ереженің 15-пунктінде жауапты ұйымдар он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар негізінде өтініш берушінің әлеуметтік өлшемдерге сәйкестігін, ұйымдардың бар мәліметтер базасымен салыстыра отырып тексеріп, Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталында онлайн электрондық түрде мәліметтерді растайтыны көрсетілген болса да аталмыш талаптарға мойынсұнылмаған.

    Атап айтқанда, 2022 жылдың өткен кезеңінде келіп түскен жалпы 4 мың 795 өтініштің 1641-і, яғни 34 пайызы қаралғанда мерзімі бұзылған. Аталған заңбұзушылықтарды тексергенде медициналық бірлестіктер 831, коммерциялық банктер 749, салық кеңселері 745, махалла және отбасын қолдап-қуаттау бөлімі 538, әкімдіктер 557, жастар істері агенттігі 435, ішкі істер бөлімі 433, кадастр мекемелері 362, тұрғындардың жұмыс бастылығына көмектесу орталығы 368 және 225 қаржы бөлімдері есебіне тура келді.

    Бұл мерзімнің бұзылу жағдайлары Ферғана облысының аумағындағы кесімде талданғанда, ең ұзақ мерзім Ферғана қаласында 381, Қоқан қаласында 190, Риштан ауданында 177, Кува ауданында 107 болғаны белгілі болды.

    Ең өкініштісі, өкілетті кеңселер қызметінде өтініштерді қарауда жүйелі түрде ұзақ мерзімді заңбұзушылық жағдайлары орын алуда.

    Мысалы, азамат Д.Маматованың 2021 жылдың 28 декабріндегі

    № 43809673-санды өтініші бойынша Бесарық ауданы махалла және отбасын қолдап-қуаттау бөлімінің қорытындысы белгіленген мерзімнен

    24 күнге дейін кешіктіріліп, 2022 жылдың 7 февралінде берілген. Азамат К.Рустамованың 2022 жылғы 7 январьдағы 44235588-санды өтініші бойынша Ферғана қалалық салық инспекциясының қорытындысы белгіленген мерзімнен 18 күнге дейін кешіктіріліп, 2022 жылдың 8 февралінде берілген.

    Өкінішке орай, мұндай жағдайлар басқа өкілетті кеңселердің қызметінде де байқалады.

    Анықталған заңбұзушылықтар туралы өкілетті органдарға заң құжаттарының бұзылуын жою бойынша 8 ескерту жасалған, сонымен қатар 11 жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, «Ipoteka Bank» АКИБ Ферғана облыстық филиалының, АКБ «Qishloq Qurilish Bank» Қува филиалының, АКБ «Агробанк» Бағдад филиалының басқарушыларына, сондай-ақ Қуштепа ауданындағы Тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету орталығы, Кува және Қоқан қалаларының Медициналық бірлестік басшыларына, Мемлекеттік кадастр палатасы Ферғана қаласының, Өзбекстан жән Ферғана аудандық филиалдарының басшыларына әкімшілік айыппұл жаза шаралары қолданылды.

    2022 жылдың 15 январында Президент Шавкат Мирзияевтың төрағалығымен жергілікті істердің жаңа жүйесін жолға қою және халықты жұмыспен қамтудың жаңа жүйесін құрудың биылғы басымдықтарына арналған бейнеконференция өтті. Онда маңызды сандар анықталды, яғни 2,5 триллион сум мөлшеріндегі субсидиямен жұмыс істеу ниеті бар, бірақ қиын жағдайда жүрген қандастарымызға оқуға және жеке кәсіп ашуға қаржы бөлінетіні жоспарлануда.

    Тиісінше, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға субсидия бөлу мәселесін қарастырып жатқан жауапты мекемелерден жұмыс барысында заңбұзушылықтарға жол бермеу талап етіледі.

    Ұлықбек Махмудов,

    МҚА Ферғана облыстық басқарма бастығы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates