Сұрхандарияның жеміс- көкөністері Қазақстанға экспортталуда

    Агросектор 21 Oktabr 2021 1355

    Үстіміздегі жылдың сентябрь айында Қазақстанның «TL NIKA Кеден» кәсіпорын өкілдерінің Сұрхандария облысына сапары кезінде жеміс-көкөніс өнімдерін экспорты бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілген.

    Атап айтқанда, Денау ауданындағы “Passion Work” және Шерабад ауданындағы «Sherobod Anor Impex» жауапкершілігі шектеулі қоғам тарапынан “NIKA Keden TL” кәсіпорынмен 50 миллион долларға тең жеміс -көкөніс экспорты бойынша келісімшартқа отырды.

    Осы келісімдерге сәйкес, тек октябрь айының өзінде 10 миллион долларлық 22 мың тоннадан астам жүзім, анар, құрма, лимон, қызанақ пен көкөніс сияқты өнімдер Қазақстан Республикасына экспортталды.

    Жыл соңына дейін аталмыш экспорттық келісімшарттар толық орындалады деп күтілуде, деп хабарлайды Сұрхандария облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі.