баннер
1 Apr 2025
18:53

    Кәсіпкерлердің қаржылық қызметтерден пайдалану мүмкіндігі кеңейеді

    Олий Мажлис Сенатының төртінші жалпы мәжілісінде «Кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдап-қаттау жүйесін жетілдіруге қатысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы талқыланды.

    Заңда базар қатынастарын одан әрі дамыту жағдайында кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың жаңа және баламалы құралдарын әзірлеу, әсіресе, кәсіпкерлік субъектілеріне кепілдіктер түрінде көмек көрсету саласын кеңейту, банктік несиелерге балама ретінде ақшалай сұраныстарынан басқа тұлға пайдасына бас тартуға қаржыландыру механизмдерін жетілдіруге бағытталған нормалар белгіленуде.

    Атап айтқанда, осы Заңға сәйкес факторинг объектісі ретінде заңды тұлғаны немесе кәсіпкерлік субъектісіне қатысты болған ақша тсұранысын белгілеу,ақша сұранысын басқа тұлғаның пайдасына бас тарту бойынша тыйым салуды бұзғаны үшін жауапкершіліктің күшін жоюға және клиенттің контрагенті резидент емес болғанда факторинг операцияларын шетелдік валютада жүзеге асыруына рұқсат беріледі.

    Факторингте борышкердің құқықтық қорғалуын күшейту мақсатында қаржы агенті төлем жүзеге асырылатын мемлекет және валюта түрі өзгертілуіне жол бермеуі, сондай-ақ факторингте алаяқтық жағдайларының алдын алу мақсатында ақшалай сұранысынан бас тарту туралы хабарларды кепілдік реестріне тіркеуге алу көзделуде.

    Осы құжатпен кәсіпкерлік субъектілерге несие ұйымы алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындау бойынша кепілдіктер беру қызметін кәсіби негізінде жүзеге асырушы, сондай-ақ заңдылықта көзделген қызметтер көрсететін кепілдіктер беретін ұйымдарды және факторинг қызметтеріді көрсетуге мамандандырылған факторинг ұйымының институттары енгізіледі.

    Енді Заңға сәйкес жарғылық қордың ең төменгі мөлшері кепілдік беру ұйымы үшін 100 миллиард сум, факторингтік ұйымдар үшін 2 миллиард сум болып белгіленді. Бұл ұйымдар Орталық банкте есеп тізіміне тіркелуі, олардың қызметін Орталық банк реттейді және бақылайды.

    Заң банктік емес несие ұйымдардың қызметіне талап етілген кейбір шектеулерді жеңілдетуді және жетілдіру көзделіп, оларды акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам ретінде ұйымдастырылуы, олардың жарғылық қордағы үлесінің 10 пайыздан 20 пайызға дейін бөлігін тіктелей немесе жартылай алғанда Орталық банкті хабардар ету, 20 және одан көп пайызын алғанда Орталық банктің алғашқы рұқсатын алу шарт екені белгіленуде, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Заң сенаторлар тарапынан мақұлданды.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech