Байқау жеңімпаздары білім саяхаты бойынша Лондонға барды

    Өзбекстан Республикасы Президентінің сыйлығы үшін өткізілген «Шет тілдерді оқыту бойынша ең үздік мектеп» байқауында жеңімпаз атанған оқушылар мен олардың ұстаздары Ұлыбританияның Лондон қаласында білім саяхатында жүр.

    Білім саяхатының бірінші күні оқушылар Лондондағы Брунель университетінің қызметімен жақынан танысты. Осыдан кейін шеберлік сабақтары басталды. Онда білікті мамандар оқушылардың тіл дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік сабақтарды жүргізуде. Сондай-ақ, сабақ барысында білім саяхаты қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарына жан-жақты жауап алуда.

    Күннің екінші бөлігінде оқушыларға “Bin bag shou” ұйымдастырылды. Бұл жобаға қатысушылар оқу құралдарының көмегімен киім дизайнымен жұмыс жасап, өз жобаларын ұсынды. Қазіргі уақытта шеберлік сабақтары жалғасуда.

    Білім саяхаты барысында сабақтардан тыс басқа қаланың көрікті жерлеріне, атап айтқанда «Виндзор» сарайына, Темза өзеніне, Оксфорд университетіне экскурсия ұйымдастыру да жоспарланған.