Бұл туралы Al Jazeera Иран үкімет кеңселеріндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Айтылғандай, Тегеран «уранды Ираннан тыс
жерге шығарудан бас тартқан және МАГАТЭ бақылауы аясында өз аумағында байыту
деңгейін төмендетуге дайын екенін білдірген».
Бұған дейін АҚШ уран байытуды 20 жылға
тоқтатуды талап еткені хабарланған еді, алайда Тегеран бұл шартты қабылдамады,
деп хабарлады report.az.
Сол дереккөзге сәйкес, «Вашингтон Иранның
жоғары деңгейде байытылған уранын Ресейге беру идеясынан бас тартып, үшінші
мемлекетті потенциал
алушы ретінде ретінде ұсынды».