Теміржол билеттеріне мерекелік жеңілдіктер енгізілді

    Көлік 23 Dekabr 2021 1608

    «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ мереке және демалыс күндері студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер және басқа да бірқатар тұрғындар үшін теміржол билеттеріне жеңілдіктер жариялады.

    2021 жылдың 31 декабрінен 2022 жылдың 4 январь, 2022 жылдың 21-23 март және 2022 жылдың 1-2 сентябрь күндері төмендегі жеңілдіктер бар:

    - нәпақа алушылар, мүгедектер, 1941-1945 жылдардағы соғыс қатысушыларына және оларға теңестірілген азаматтарға билеттің тарифі бөлігінен – 50 %;

    -Жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, колледж және лицей студенттері, ІІМ, ҚМ, МҚҚ, МСҚ, МКҚ арнаулы оқу орындарының студенттеріне – билет тарифі бөлігінен – 15 %;

    Егер сіз отбасылық пойызға шықсаңыз (екі немесе одан да көп адам – ерлі-зайыпты, күйеуі немесе жұбайы және 18 жасқа дейінгі балалары, әкесі немесе 18 жасқа толмаған баласы бар ана) (неке туралы куәліктің және туыстық қатынасты растайтын құжаттардың көшірмелерімен) билет тарифтің бөлігінен - 15%;

    - Бір ұжымнан топ болып пойызға мінсеңіз (4 адамнан артық – нұсқау негізінде) билеттің тариф бөлігінен – 15 %;

    - «Афросиаб» жүрдек электр пойыздарындағы жолаушылардың барлық санаттары үшін билеттің тариф бөлігінен 10%.

    ЕСКЕРТУ: Жеңілдікпен билеттерді тек теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Электронды билеттерге жеңілдіктер берілмейді, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    Қосымша ақпаратты Ташкент қаласындағы 1005 қысқа телефонынан, жергілікті теміржол кассаларынан және ақпараттық бюролардан алуға болады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates