«Қытай мемлекеттік темір жолының» контейнермен тасымалдауы бойынша операторы саналған «China Railway Container Transport» компаниясы және «Темирйўлкарго» АҚ арасында кезектегі кездесу өтті.
Шарада Өзбекстан мен Қытай арасындағы жаңа транспорт дәлізі арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру, контейнер тасымалдаулардың уақытын азайту және Өзбекстанның импорт және экспорт жүктеріне тасымалдау жоспарларын тікелей алу мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында екі компания арасында мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Темирйўлкарго» АҚ баспасөз қызметі.