Теміржол билеттерінің бағасы көтеріледі

    Көлік 5 Yanvar 2024 275

    2024 жылдың 20 январынан бастап бірқатар жүрдек пойыздардың билет бағасы 20%-ға көтеріледі.

    Министрлер Кабинетi жанындағы кеңсеаралық тариф комиссиясының қаулысына орай, темiржол инфрақұрылымын реформалау, электр энергиясы – жанылғы, логистика және көлiк шығындарын өтеу, сондай-ақ жолаушылар вагондары паркiн жаңарту, жаңа жүрдек электро пойыздарын сатып алу, теміржол вокзалдарын заман талабына сай сақтау мақсатында 2024 жылдың 20 январынан бастап «Афросиёб» жүрдек электр пойыздары мен «Шарк», «Насаф» және «Өзбекстан» жүрдек пойыздарының билет бағасы 20 пайызға өсуде.

    «Афросияб» жүрдек электр пойыздарына билеттер бағасы төмендегідей белгіленді:

    Ташкент — Бұхара — Ташкент

    ВИП 636 000 сум

    Бизнес 462 000 сум

    Эконом 336 000 сум

    Ташкент — Қаршы — Ташкент

    ВИП 534 000 сум

    Бизнес 390 000 сум

    Эконом 282 000 сум

    Ташкент — Самарқант — Ташкент

    ВИП 396 000 сум

    Бизнес 276 000 сум

    Эконом 204 000 сум, деп хабарлайды «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ, аталмыш қаулы арқылы Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023-жылғы 10 октябріндегі «Өзбекстан Республикасы темир жол транспорты саласын түбегейлі реформалау іс-шаралары туралы» ПҚ-329-санды Қаулыға орай, 2024 жылдың 1 январынан бастап жоғары жылдамдықтағы және жүрдек пойыздарда жолаушыларды тасымалдау қызметінің тарифтерін мемлекет тарапынан тәртіпке салу тәжірибесінен бас тарту, сондай-ақ оларды базар қағидалары негізінде реттеу механизіміне өту жүзеге асырылғанын ескертеді.