Термезде 1 мың 540 орынға арналған жаңа мектеп жұмыс бастады

    Білім 30 Avgust 2021 7209

    Термез қаласында жаңа құрылған № 26- жалпы орта мектеп пайдалануға тапсырылды.

    Президентіміз 2019 жылғы 30 апрель және май күндері Сұрхандария облысына сапары кезінде Термез қаласының Бағышамал махалласы Фаровон массивінде барлық қолайлылыққа ие заманалық мектеп құруға тапсырма берген еді. Осыған орай облыстың Инвестиция бағдарламасы аясында аталмыш білім орнын құру белгіленіп, құны 39 миллиард сумдық құрылыс-монтаж және әрлеу істері жүзеге асырылды. Заманалық әдісте жиһаздалып, оқушылар мен оқытушылар үшін барлық қолайлылық жасалды.

    Ең ұлы, ең ғазиз мерекеміз қарсаңында жаңа оқу жылына сыйлық болған бұл тәлім-тәрбие орны өлкедегі ең үлкен мектеп,— деді мектеп директоры Ихтияр Зиятов. — 1540 оқушыға арналған. Төрт қабатты заманалық ғимаратта екі спорт залы, 250 орынды асхана, 350 орынды белсенділер залы, ақпарат-кітапхана орталығы, жасанды қаптама төселген стадион, спорт алаңдары да құрылған. Барлық бөлмелер компьютер, интернет, кондиционер, бақылау камерасы, ауызсумен қамтамасыз етілген. Бұл жерде білім өзбек және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп қаладағы Бағышамал және Каттабағ махаллалары аумағындағы 1-11 сынып оқушыларын толық қамтуға мүмкіндігі бар. Мектепке ең білікті оқытушылар байқау негізінде жұмысқа қабылданады.

    Көрікті мектеп кітапханасына 200-ден астам әдеби кітап сыйға берілді, деп хабарлады Сұрхандария облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates