Бұл туралы Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы хабарлады.
Енді жолаушылар екі ел арасында тікелей және қауіпсіз түрде қатынауы мүмкін. Сонымен қатар, виза талаптары сақталады.
2021 жылы азаматтардың қозғалысы шектелгені белгілі, бұл кәсіпкерлердің Ауғанстанға баруын айтарлықтай қиындатқан еді: Айритомнан 75 км қашықтықта орналасқан (1 сағаттық жол) Мазори Шарифке жетіп бару үшін кәсіпкерлер Тәжікстан арқылы бір күндік айналма жолды пайдалануға мәжбүр болған.Ендқ бұл шектеулер алынып, жол қайта ашылды.
Шекарадан өту тәртібін қалпына келтіру экспорттаушы компанияларға үлкен қолайлылық туғызады. Соңғы жылдары Ауғанстанға экспорт көлемі тұрақты түрде өсіп келеді және бұл бағыттың ашылуымен 2026 жылы экспорттың көлемін 2,5 миллиард долларға жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер бар.
Мемлекет кәсіпкерлердің ауған нарығына шығуына келесі жеңілдіктермен қолдау көрсетеді:
Хайратан немесе Мазари-Шарифте қойма ашқан кәсіпкерлерге қойманы сақтауға байланысты шығындардың 100 пайызы өтеп беріледі.
Ауғанстанның 34 облысындағы өнімдердің жарнамалық шығындары толығымен өтеледі.








