Медицина білімде 2 есеге көп бакалавр, 2,3 есеге көп магистр даярланады

    Білім 6 Sentabr 2021 2899

    Медицина білімде бакалавриат бағытындағы орындар 2 есеге, магистратура 2,3 есеге көбейді.

    2016 жылы елімізде медицина бағытында 7 жоғары оқу орны қызмет көрсеткен болса, бүгін олардың саны 11-ге жеткізілді.

    6 аумақтағы (Науаи, Сырдария, Жызақ, Қашқадария, Наманган және Ташкент облыстары) жоғары білім беру мекемелерінде медициналық факультеттер, 2 аумақта (Қарақалпақстан Республикасы мен Ферғана облысы) медициналық институттар ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар медициналық білімдегі квоталар 2017 жылға қарағанда бірнеше есеге көбейтіліп, салада кадрлар даярлау көлемі тағы да кеңейтілді. Сондай-ақ бакалавриаттағы орын 2 есеге (3445 –тен 6950-ға) көбейіп, магистратура 2,3 есеге (718-ден 1631-ге) жетті.

    Сондай-ақ, ординатурадағы орындар 5 есеге (961 -ден 4972-ге) асырылып, мақсатты квота енгізілді және қабылданатын студенттер 1180 –ден 1527-ге жеткізілді.

    Бұдан тыс, 47 медицина колледжі Абу Али ибн Сино атындағы Қоғамдық денсаулық техникумына айналдырылып, үстіміздегі жылдың өзінде 20 мың медбикелік штаты енгізілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates