TIMSS 2023: өзбекстандық оқушылардың нәтижелері қандай болды?

    Білім берудегі жетістіктерді бағалау халықаралық ассоциациясы тарапынан TIMSS 2023 халықаралық бағалау бағдарламасының нәтижелері жариялады.

    Өзбекстанда 2023 жылдың апрель-май айларында өткізілген осы зерттеуде барлық аймақтардан таңдалған 166 мектептен жалпы 8 800 жуық оқушылар (содан 4 450 жуық 4-сынып және 4 350 жуық 8- сынып оқушысы) қатысты.

    Сондай-ақ, аталмыш мектептердің 166 директоры мен 1035 жуық математика және табиғи пәндердің мұғалімдері қатысты.

    8-сынып оқушыларының нәтижелері:

    Халықаралық есепберу талдау нәтижелеріне орай, Өзбекстандағы 8-сынып оқушыларының математикалық сауаттылығының орташа көрсеткіші 421 баллды құрап, қатысушы 44 елдің ішінде 32-орынды иеледі. 8-сынып табиғи пәндер (Science) сауаттылығы бойынша қатысқандар 44 елдің арасында 396 баллмен 39-орынды иеледі.

    4-сынып оқушыларының нәтижелері:

    Зерттеуге қатысқан өзбекстандық 4-сынып оқушылары табиғи пәндер сауаттылығы бойынша 412 балл жинаған және қатысушы 58 елдің ішінде 54-орынды алды. Математика сауаттылық көрсеткіші бойынша қатысушы 58 елдің ішінде 443 балмен 50-орынды иеледі.

    Өзбекстанда математикадан 4-сыныптың қыздары (446 балл) ұлдарға қарағанда (440 балл) жақсы көрсеткішке қол жеткізсе, табиғи пәндер бойынша да дәл осындай айырмашылық сақталды (қыздарда 414 балл, ұлдарда 409 балл).

    Табиғи пәнінен 8-сыныптың қыздары (395 балл) мен ұлдар (396 бал) дерлік бірдей нәтиже көрсетті, ал математикадан ұлдар (426 балл) қыздарға (416 балл) қарағанда жоғары болды.

    Өзбекстан бұл зерттеуге алғаш рет қатысқанын ескереміз.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates