ТМК қарамағындағы Сирек кездесетін металдар және қатты қорытпалар өндіру
зауытында комбинат Басқару төрағасы Фарход Абдуллаев пен жас қызметкерлердің
қатысуымен «Басшы және жастар» атты ашық диалог өтті.
«Бүгін мұнда сіздерге баяндама жасау үшін емес, сіздерді тыңдау,
пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды білу және ТМК-ның болашағы туралы бірге
әңгімелесу үшін келдім. Өйткені кез келген ұйымның ертеңгі күні, ең алдымен,
оның жастарына — сіздерге байланысты», — деді Фарход Абдуллаев.
Атап өтілгендей, зауытта 352 жас еңбек етеді. ТМК басшысы бұл көрсеткішті
жай ғана статистика емес, комбинаттың болашағын айқындайтын адами капитал
ретінде бағалады.
«Мен үшін 352 жас — жай ғана сан емес. Бұл — 352
тағдыр, 352 арман, 352 идея және 352 мүмкіндік», — деді ол.
Кездесу
барысында жас мамандардың кәсіби өсуі, шет тілдерін үйренуі, цифрлық дағдыларын
дамытуы, ғылыми және технологиялық жобаларға қатысуы мәселелері талқыланды.
Жастардың сұрақтары мен ұсыныстары тікелей тыңдалды.
Фарход
Абдуллаевтың айтуынша, заманауи өнеркәсіп үшін белгілі бір мамандықты
меңгерудің өзі жеткіліксіз. Цифрлық технологияларды пайдалана алатын, шет
тілдерін білетін, өз бетінше ойлайтын және бастама көтере алатын кадрларға
сұраныс артып келеді.
«ТМК-ның
болашағы тек заманауи технологиялар немесе жаңа жабдықтармен ғана емес, ең
алдымен, оларды басқаратын білімді әрі өз кәсібіне адал жастармен құрылады», —
деді комбинат басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде инженер, технолог және
басқа да мамандықтар бойынша қызмет етіп жүрген жастар алдағы уақытта ТМК-ның
жаңа буын басшылары ретінде қалыптасуы тиіс.
Ашық диалог
соңында жастардың әлеуетін дамыту, олардың бастамаларын қолдау, сондай-ақ
ғылыми және технологиялық идеяларды тәжірибеге енгізу комбинаттың маңызды міндеттерінің
бірі екеніне тоқталды.