«Томарис» төсбелгісі құрылды. Ол кімдерге беріледі?

    Әскери шекара 21 Noyabr 2022 4950

    Өзбекстан Президентінің «Томарис» төсбелгісін құру туралы» қаулысы қабылданды.

    Құжатта атап өтілгендей, ежелден-ақ әйел отбасы мен қоғамды біріктіруге, бала тууға, қоғам мен мемлекет өмірінде белсенділік танытуға, ана мен баланы қорғауға жауапты, және дені сау, кемел ұрпақ тәрбиелеу, оларды отансүйгіштік және тәуелсіздік идеяларына адалдық рухында тәрбиелеу, сонымен қатар құндылықтарымызды кеңінен насихаттаудың рәмізі ретінде ұлықталады.

    Ұлттық армиямыздың абыройы мен жауынгерлік қуатын арттыруда ерлер әскери қызметшілермен иық тіресе қызмет етіп жүрген әскери қыз-келіншектердің еңбегі теңдессіз екенін айта кеткен жөн.

    Қаулыда атап өтілгендей, «Томарис» төсбелгісі Өзбекстанның қорғаныс қуатын арттыру, қоғамымызда орнаған ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ әскери қызметке лайықты үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге қолдау көрсету мақсатында құрылды.

    Мемлекет басшысының қаулысымен «Tомарис» төсбелгісі туралы ереже және «Tомарис» төсбелгісі мен оның куәлігі бекітілді.

    Құжатқа сәйкес, Өзбекстан Орталық банкінің «Мемлекеттік белгі» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны тиісті министрліктер мен кеңселердің бұйрықтары негізінде белгіленген тәртіпте «Томарис» төс белгісін және оның куәлігін дайындайды.

    Қаулыға сәйкес, «Томарис» төсбелгісі мен оның куәлігін дайындауға, сондай-ақ марапатталғандарды марапаттауға байланысты шығыстар бюджет қаражаты, бюджеттен тыс қаражат және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылатын болады.

    Төсбелгіні министрліктер мен кеңселердің басшылары (немесе олардың тапсырмасы бойынша басқа да жауапты тұлғалар) 14 январь – Отан қорғаушылар күні қарсаңында салтанатты түрде табыс етеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates