Тамарқа мен диқан шаруашылықтарын қолдап-қуаттаудың жаңа іс-шаралары белгіленді

    Агросектор 12 Mart 2024 546

    2024 жыл 5 мартты Өзбекистан Республикасы Президентінің 115-санды «Тұрғындардың үйінде өнеркәсіа әдісінде өнім өндіруді қолдап-қуаттау және тамарқа мен диқан шаруашылықтарында жаңа қорларды іске қосуға қатысты іс-шаралар туралы» қаулы қабылданды.

    Құжатта мыналар көрсетілген:

    - топырақ-климат жағдайына қарай және сумен қамтамасыз етілуін ескере отырып, аудандар экспортқа қабілетті және өнімі мол дақылдарды егуге, сонымен қатар шағын өндіріс пен өнім өндіруге мамандандырылады;

    - кешенді бағдарлама шеңберінде өсімдік шаруашылығына 100 миллион сумға дейін кепілсіз несиелер бөлінген;

    - мұздатқышы бар қойма, дайын жылыжай, қораптау, кептіру және қайта өңдеу цехтары тұрғындарға 12 айға бөліп төлеу шартымен лизингке беріледі;

    - өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар айналыса алатын қызмет түрлерінің (жұмыс, қызмет) тізіміне биогумус дайындау қызметі енгізіледі.

    2024 жылы 54 ауданда экспорттық және пайдалы дақылдарды егіп, тұрғындардың осы саладағы білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында үлгілік оқыту учаскелері құрылады. Жеміс-көкөніс шаруашылығына маманданған 51 ауданда жеміс-жидек пен көкөністерді шок әдісте мұздату бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылады.

    Фермерлерді, диқан шаруашылықтар мен жер иелерін қолдап-қуаттау қорының қаражаты есебінен келесі ұйымдарға берілетін несиелер жылдық Орталық банктің негізгі ставкасынан 4 пайыздық пункт жоғары ставкада (сондан 4% банк маржасы) болады:

    - ірі қара мал шаруашылығы, балық аулау, қоян өсіру, омарта шаруашылығы және құс шаруашылығы, биогумус өндіру және «дала дүкендерін» салу үшін 1 жылға дейін жеңілдетілген кезеңмен 3 жылға дейін;

    - бау-бақша, жүзім және лимон шаруашылығын ұйымдастыруға, жылыжай салуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен аспап-құралдарын сатып алуға және оларды орналастыру үшін ғимараттар мен кешендер құру, жылжымалы тоңазытқыштарды орнатуға, артезиан құдықтарын қазуға - 3 жылға дейін жеңілдетілген мерзіммен 7 жылға дейінгі мерзімге.

    2027 жылдың 1 январына дейін моторлы қопсытқыштарды (ТИФ ТН коды – 8432 29 100 0), бір соқалы тракторларды (ТИФ ТН коды – 8701 10000 0) және шағын тракторларды (ТИФ ТН коды – 8701 94 100) әкелуде кедендік баждың нөлдік ставкалары белгіленді.

    Қаулыда мыналар бекітілді:

    - Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласында 2024 жылы тұрғындар есік алды жерлерінде көктемгі (ерте), қайталама (орташа) және тоқсан басты әдiсте дақылдар егу, сонымен қатар 252 мың гектар жерге үш рет өнім алуды көздейтін ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру және өнім өндіру;

    - жеке тәртіптегі кәсіпкерлер ретінде ұйымдастырылған және тұрғын үй тамарқаларына қызмет көрсететін «Тамарқа қызметі» кәсіпорындарын қаржыландырудың болжамдық көрсеткіштері;

    - Фермерлер, диқан шаруашылықтары мен тамарқа жер иелерін қолдап-қуаттау қорынан фермер мен диқан шаруашылықтарына, тамарқа жер иелеріне бау-бақша қатар араларына ауыл шаурашылығы дақылдарын егуді дамытуға қаржы бөлу болжамы.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылдың 23 мартынан бастап күшіне енеді деп хабарлайды «Norma».