Ташкент метрополитенінде ұялы байланыс пен интернет іске қосылды

    Көлік 17 Yanvar 2022 7223

    «UZTELECOM» ұлттық операторы арнайы заманалық жабдықтарды пайдалана отырып, метрополитенді жоғары технологиялық байланыспен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобаны жүзеге асырды.

    Жаңа 2022 жылдың басынан бастап Ташкент метросының барлық бағыттары мен станциялары «UZTELECOM» ұялы байланысымен қамтылды.

    Ташкент метросы тек қоғамдық көлік қана емес, мәдени мұра мен саяхатшылардың назарын тартатын орын саналады. Жолаушылар үшін ұялы байланыс пен интернеттің үздіксіз жұмыс істеуі маңызды.

    Жүзеге асырылған істер, бірінші кезекте, республикамыз тұрғындары мен қонақтарына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.