Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ташкент-Әндіжан пойызына билет табу қиындап, автомашинамен қайту үшін мерекеге байланысты жолақы қымбаттап кетеді. Бұл студенттерге қиындық туғызады.
Осыған орай, студенттерге қолайлылық жасау, оларға көмектесу мақсатында басқарма осы қайырлы іске кірісті. Бұл туралы ӨзА хабарлады.
Әндіжан Транспорт басқармасының басшысы Уткирбек Машраповтың айтуынша, Ташкент қаласында білім алып жатқан, Жаңа жыл мерекесі мен қысқы демалысты өткізуге үйлеріне баратын әндіжандық студенттерді алып кету мақсатында 25 автокөлік бөлінеді.
Сонымен қатар, мүмкіндік барынша көп студенттерді алып кету үшін жолаушыларды тасымалдайтын автомобиль иелерін осы қайырлы іске өз үлестерін қосуына ұсыныс білдірді.
Автомашиналар 27 декабрь сейсенбі күні астанамыздағы «Узбекистон» қонақүйінің алдынан сағат 12:00-де Әндіжанға жол алады. Ташкент қаласында білім алып жатқан әндіжандық студенттер осы мүмкіндіктен пайдалана алады.