Ташкент қаласында ақылы велосипед жолға қойылады

    Көлік 11 Iyun 2021 1309

    Бұл туралы Ұлттық баспасөз орталығында “Тошшахартрансхизмат” АҚ өткізген баспасөз конференциясында айтылды.

    Баспасөз конференциясында осы жылдың соңына дейін қала жолаушы транспортында иелік ету үшін 20 электробус сатып алынатыны мәлімделді. Қазіргі күнде оларды сатып алу бойынша тендер байқаулардың құжаттары жасалып, тиісті мемлекеттік мекемелермен келісуде.

    “Тошшахартрансхизмат” АҚ құрамындағы абтобус сарайлары қозғалыс құрамын 2021-2023 жылдары жаңалау бойынша жоспар-бағдарлама жасалуда.

    “Тошшахартрансхизмат” АҚ жобалар, сыртқы байланыс және инвестицияларды басқару бөлімінің бастығы Шахбоз Ғафуровтың айтуынша, жобаның бірінші басқышында Ташкент қаласының Әмір Темір және Ахмад Дониш көшелерінде пилот жоба ретінде велосипедтен жаппай пайдалану “bike sharing” жүйесі, 4 велосипед станциясы құрылады. 4 велосипед станциясында жалпы 40 велосипедтің қатынауы жолға қойылады.

    Әсіресе, осы көшелердің таңдап алынуына себеп сол, бұл жолдарда велосипед қатынауы үшін арнайы жолақтар бөлінеді. Әрбір станцияда 10-нан велосипед орналасуы көзделген. Аталмыш тізімнен мобильді қосымша арқылы пайдалану көзделген. Бір адамның велосипедтен 30 минутқа пайдалану үшін бір жарым мың сум баға белгіленуі ұсынылуда. Жобада велосипед қатынауы Ташкент қаласының орталық көшелерінде 18 бағытта 660 километрді қамтып алуы көзделген. Велосипедтер әмбебап жихаздалған. Олардан ерлер де, әйелдер де пайдалану мүмкін. Әйелдерімізге молжалданған велосипедтерде тұрмыстық қызметтері үшін арнайы себеттер орнатылған. Велосипедті қай жерде пайдаланып жатқанын бақылау мүмкіндігі бар.

    Қазірде қоғамдық транспортты цифрландыруды кеңінен енгізу мақсатында бірқатар жаңа жобалар үстінде жұмыс жүргізілуде. Бұдан негізгі мақсат — жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және олар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Бұдан тыс, “Ташкент транспорт” мобильді қосымша жолға қойылады. Жолаушылар ол арқылы қала қоғамдық транспорты қозғалысының құрамын реалдық уақытта бақылау, қоғамдық бекеттер мен транспорт станциялары туралы мәлімет алу, пайдалануға ең жылдам әрі пайдалы бағыттарды ұсыну, локация бағыттары да қозғалыс тарихын сақтау мүмкіндігі, реал уақытта QR-кодты генерациялап жылдамдықпен жол ақысы төлеуін жүзеге асыру, “Аломат” қызмет құралынан пайдаланушыларға дауыс жазуы арқылы іздеу қызметі және интеллектуалдық кеңестер беру сияқты бірқатар қолайлылықтарға ие болуы туралы мәлімет берілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates