Ташкент қаласына 200 дана 18 метрлік автобус әкелінеді

    Президенттің «Қоғамдық транспорт жүйесін реформалау жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысына сәйкес:

    қалалық автобус бағыттарында шектелген тарифтер бойынша жолаушыларды тасымалдауды брутто-келісімшарты негізінде ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізіледі;

    тасымалдаушылармен есеп-қисаптар «басып өткен жолы» және «сапа» өлшемдері бойынша жүргізіледі;

    жолақысын алудың күнделікті жоспар-тапсырмасын белгілеу тәжірибесі жойылды;

    тасымалдаушылардың маршрут көрсеткіштері орындалуын маниторинг жасау, орындалатын жұмыстардың көлемі мен сапасын анықтау және бағалау, жолақысының төленуін және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау үшін автоматтандырылған диспетчерлік басқарушы мен бақылау жүйесі ұйымдастырылады.

    Қалаларда автобус бағыттарының жаңа желісінің ұйымдастырылуы, автоматтандырылған төлем жүйесі мен автоматтандырылған диспетчерлік қызметтің кезең-кезеңімен:

    2023 жылғы 1 мартқа дейін – Ташкент қаласында;

    - 2023 жылғы 1 августқа дейін - Әндіжан, Самарқант, Наманган, Қаршы және Үргеніш қалаларында;

    – 2024-жылдың 1-июніне дейін – Нөкіс қаласы және тағы басқа облыстардың орталықтарында жолға қойылады.

    Жолаушыларды тасу брутто-келісімшарты негізінде ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:

    - 2023 жылғы 15 апрелінен бастап - Ташкент қаласында;

    - 2024 жылғы 1 январынан бастап - Әндіжан, Самарқант, Наманган, Қаршы және Үргеніш қалаларында;

    – 2024-жылдың 1-июнінен бастап – Нөкіс қаласы және тағы басқа да облыстардың орталықтарында да жолға қойылады.

    Мәлімет үшін, Ташкент қаласының қоғамдық көліктеріне 200 дана 18 метрлік және 500 дана 12 метрлік табиғи газбен жүретін автобустар және 300 дана 12 метрлік электробустар;

    Нөкіс қаласы мен облыс орталықтарының қоғамдық көліктері үшін жалпы саны 1000 табиғи газбен жүретін автобустар сатып алу туралы келісімдерге қол жеткізілді.