Өзбекстан елшісі Ойбек Шахавдинов «iCell» компаниясының бас директорының кеңесшісі Габор Пуштаимен кездесу өткізді.
Диалог барысында жол және қала инфрақұрылымын дамыту саласында ынтымақтастықты тереңдету мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Венгрия компаниясы тарапынан қарқынды дамып келе жатқан Ташкент қаласындағы автотұрақтарды басқаруға мүмкіндік беретін жоба бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Жүйе автотұрақ орындарын іздеу, брондау және олар үшін ақы төлеу үшін жоғары технологиялық сенсорлар мен мобильді қосымшаларды енгізуге негізделген.
Компания мамандары жобаны тиімді жүзеге асырудың мүмкін болған вариянттарын зерделеу және Ташкент қаласының ерекшелігін ескере отырып, арнайы ұсыныстар дайындауда бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатыр.
Атап өткендей, жобаны жүзеге асыру барысында республиканың қолданыстағы заңнамасына құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жазалау шаралары, оларды шешу жолдары, сондай-ақ құқықбұзушылықтар үшін нақты жауапкершілікті көздейтін баптардың диспозициясына қатысты өзгерістер енгізу маңызды.
Осы жобаны жүзеге асыру барысында республиканың қолданыстағы заңнамасына құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жазалары, оларды шешу жолдары, сондай-ақ жол қозғалысы қатысушыларының құқық және міндеттемелерін нақты түсінуді көздейтін баптардың диспозициялары бойынша өзгерістер енгізу маңызды екендігі айтылды.