4-6 июнь күндері болып өткен жарысқа құрлықтың 16 мемлекетінен 350 жуық спортшы жеңімпаздық үшін сайысқа түсті.
Жарыстың қорытындылау нәтижелеріне қарағанда, Өзбекстан құрама командасының самбочылары айтарлықтай барлық бағыттарда ұжымдық сайыстарда 1-орынды иеледі.
Жарыс барысында Ауғанстан, Иордания, Иран және Ирак өкілдері де медальдарды жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Токио Олимпиадасы үшін оқ ату спортына екі лицензия алды
Халықаралық оқ ату спорты федерациясынан Өзбекстан Ұлттық Олимпия комитеті үшін қуанышты хабар келді. Халықаралық ұйым делегациямыз Токио-2020 Олимпия ойындары үшін лицензия алғанын мәлімдеді.
Жерлесіміз Мухтасар Тохирова пневматикалық мылтықтан 10 метр қашықтықтан және 50 метр қашықтықтан 3 жағдайда оқ ату бағдаламаларында біліктілік кезінде жинаған жоғары ұпайлары үшін Токио-2020 Олимипия ойындарының лицензияларына ие болды.
Айту орынды, спортшыларымыз лицензиялық мерзімідегі 2019 жылы Катардың Доха қаласында өткен Азия чемпионаты мен Германияның Зуль қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтижені көрсеткен еді. Биыл да Қазақстанда өткен халықаралық жарыста 10 метр қашықтықта болған бағдарламада жеңімпаз атанған.
Сонымен қатар, Өзбекстан оқ ату спорты федерациясы делегациямыз есебіне тағы 2 лицензияны ұсынуда.