Ташкентте жол қозғалысын басқарудың цифрлық жүйесі енгізіледі

    Президенттің «Ташкент қаласында көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жол қозғалысын басқарудың цифрлық жүйесін енгізу жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы» қаулысының жобасы жарияланды.

    Ташкент қаласы әкімдігінің, Транспорт министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің төмендегілерді көздейтін «Ташкент қаласының көшелері мен қиылыстарында жол қозғалысын цифрлық басқару және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін енгізу» жобасын іске асыру туралы ұсынысы мақұлдансын:

    цифрлық технологиялар мен инновациялық жанасуларды кеңінен қолдап, кептеліс жоғары болған қиылыстар мен автомобиль жолдарында транспорт ағымын тиімді басқару және бөлуге мүмкіндік беретін орталықтандырылған цифрлық басқару жүйесін (ақылды бағдаршам жүйесі) енгізу;

    әрқандай ережені бұзғандығы үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуші автомобиль жолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы фактілерін тіркейтін арнайы автоматтандырылған фото мен бейнетіркеу бағдарламалық жүйесін технкалық құралдар жүйесін (интеллектуалдық фото және бейнекамера кешендер жүйесі) енгізу;

    автомобиль жолдарының инфрақұрылымын жақсарту, автомобльдердің жол бойында тоқтап тұруын реттеу және халықтың қоғамдық көлікті пайдалануын ынталандыру мақсатында автомобиль жолдарының бойында төлем автоматтары орнатылған және автомотокөлік орналастырылғаны үшін ақы төлеу бойынша ақпараттық жүйеге ие болған бірыңғай ақылы автотұрақтары жүйесін (ақылы жол бойындағы автотұрақ жүйесін) ұйымдастыру;

    Ташкент қаласына кіретін негізгі автомобиль жолдары бойында автокөлік құралдарының салмағы мен габариттерін бақылау үшін автомобиль жолдарының сапасын қамтамасыз етуге қызмет ететін стационарлық дүңгіршектер жүйесін (автокөлік құралдарының салмағы мен габариттерін бақылау үшін стационарлық дүңгіршектер жүйесі) құру ;

    ақылды бағдаршамдар, интеллектуалды фото және бейнекамера кешендерін, автокөлік құралдарының салмағы мен габариттерін бақылауға арналған стационарлық дүңгіршектер және жол бойындағы ақылы автотұрақтардың жүйесін орталықтандырылған интеллектуалды басқару, мониторинг және талдау істерін жүргізу және жол қозғалысы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау мақсатында Ташкент қаласында көлік жүйесін ұйымдастыру және басқарудың бірыңғай орталығын құру және орталықты Ташкент қаласы әкімдігінің Цифрлы Ташкент жағдайлар орталығы ғимаратында орналастыру.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates