Өзбекстан Президенті Құрметті Легион орденімен марапатталды
Сапар аясында Париж қаласында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевті Франция Республикасының жоғары марапаты – Құрметті Легион орденімен марапаттау рәсімі өтті.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев пен Франция Республикасы Президенті Эммануэль Макрон Парижде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды.