Тошлоқ ауданы өнеркәсібі дамыған аймаққа айналады

    Өнеркәсіп 11 Noyabr 2021 1314

    Ферғана облысының Тошлоқ ауданындағы «Келажак» шағын өндірістік аймағында «Mng-Groups» ЖШҚ-да арматура, темір-бетон өндіру жобасын жүзеге асыруда.

    3,3 гектар жерге салынып жатқан осы кәсіпорынның бастапқы кезеңінде кәсіпкер өз қаражаты есебінен 18 миллиард сумдық инвестиция салған. Екінші басқышта кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 40 миллиард сумға жетті.

    Бұл жерде май өндіру кәсіпорнының құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Аудандағы мақта-тоқымашылық кластеріне қарайтын бұл жаңа кәсіпорынның іске қосылуы биылғы жылдың соңына жоспарланған. Құны 76 миллиард сумды құрайтын жаңа кәсіпорынның жобасына 3,7 миллион доллар банк несиесі тартылған, ал қалған қаржы кәсіпорынның қаржысы.

    Шағын өндірістік аймаққа келген Ферғана облысының әкімі ауызсу, газ, канализация тармақтары және тамшылатып суару жүйелеріне арналған пластик құбырлар шығаруға маманданған «Мега Полимер» кәсіпорнының ашылу салтанатына да қатысты.

    Жалпы ауданы 1,8 гектарды және өндірістік алаңы 2700 шаршы метрді құрайтын кәсіпорын жылына 300 мың қумаметр әр түрлі көлемдегі пластикалық құбырларды шығару қуатына ие. Жоба құны 70,7 миллиард сумды құрайтын кәсіпорын, 20 миллиард сум кәсіпкердің өз капиталы есебінен және 5 миллион доллар банк несиесі. Кәсіпорында 70 жаңа жұмыс орны ашылды.

    Шағын өндірістік аймақтардағы жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылаған облыс әкімі әрбір жобаның дер кезінде және сәтті жүзеге асыру негізінде жаңа жұмыс орындарының ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсарып, экономиканың дамуы, қосымша салықтар түсетінін атап өтті, деп хабарлады Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates