Қаулыға сәйкес, Ташкент мемлекеттік аграрлық университетін 2030 жылға дейін дамытудың негізгі көрсеткіштері етіп мыналар белгіленді, соның ішінде:

Университеттің халықаралық беделін арттыру және  халықаралық рейтингтің топ-500 жоғары білім беру ұйымдарының тізіміне енгізу;

ғылыми  қолданбаларды коммерцияландырудан түсетін табысты 3 есе арттыру;

халықаралық аккредитацияланған бағдарламаларды 4 есе көбейту.

2026/2027 оқу жылынан бастап:

  • кейбір аграрлық бағыттарда 3 жылдық оқу жүйесі енгізіледі;
  • теория мен практиканың үлесі кезең-кезеңімен өзгереді (1-курста 60/40, 3-курста 30/70);
  • жоғары курстарда 4 айлық дуалды (тәжірибелік) оқу енгізіледі.

аграр жоғары оқу орындарында белгіленген тізімге енгізілген білім беру бағыттары бойынша кадрлар даярлау жүйесі 3 жылдық білім беру бағдарламалары негізінде белгіленеді. Мұнда оқу үдерісіндегі теориялық және практикалық дайындықтың үлесі:

1 курста – 60 пайыз теориялық және 40 пайыз практикалық;

2 курста – 50 пайыз теориялық және 50 пайыз практикалық;

3 курста – 30 пайыз теориялық және 70 пайыз практикалық;

студенттердің практикалық дағдыларын шыңдау мақсатында кадрлар даярлаудың бағыттары мен салаларының сипатына қарай университеттің жоғары курстарында теориялық білім беруден бөлек 4 айлық үздіксіз дуальді оқыту (студенттік практика) негізінде оқу ұйымдастырылады.