Айта кету керек, ұйқысыздық ағзадағы иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Соның салдарынан адам түрлі ауруларға бейім болады. Сонымен қатар, ұйықтамаудың салдарынан жұмыс белсенділігін төмендеуіне, зейінді шоғырландыра алмауға және есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сонымен бірге, аз ұйықтайтын адам жүрек-қан тамырлары аурулары, бас ауруы, депрессия, күйзеліске ұшырауы мүмкін.
Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметіне сұхбат берген медицина ғылымдарының докторы Данияр Алимов аз ұйықтау ұйқы бұзылуынан болуы, бұл бірер бір аурудың белгісі болуы да мүмкін екен. Сондықтан ең алдымен дәрігермен кеңесу қажет.
Сонымен қатар, тұрақты дене шынықтырумен айналысу, әсіресе спортпен шұғылдану ұйқысыздықтан арылуға үлкен көмек береді. Дегенмен, ұйықтар алдында мұндай жаттығуларды жасамаған жөн.
Сондай-ақ, түстен кейін құрамында кофеин бар кез келген өнімді тұтынуға, ұйықтар алдында кофе немесе ащы шай ішуге мүлдем болмайды.
Оның орнына ұйықтар алдында 5-10 минут бұрын тыныштандыратын жаттығулар жасап, тыныш музыка тыңдап, жылы ваннаны қабылдау тез ұйықтап кетуге көмектеседі. Дегенмен, дәрігердің рецептісіз ұйықтататын таблеткаларды қабылдау қажет емес.
Себебі, тәжірибеде ұйқысыздықтан зардап шеккендердің 70%-ға жуығы дәрі-дәрмек қолданбай-ақ қалыпты ұйқысын қалпына келтіре алған. Ең бастысы, бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуға тырысу керек.
Нәрестелер 18-19 сағат; балалар 11-12 сағат; ересектердің орташа есеппен 7-8 сағат ұйықтауы норма,— деп Данияр Алимов ұсынысын айтуда Aniq. uz