Осыған орай, Самарқант және Хорезм облыстарындағы трамвай және троллейбуста жолаушыларға қызмет көрсету сапасы одан әрі жақсарып, жолаушыларды тасымалдауда заманауи ақпараттық технологиялар енгізіледі.
Қаулыда трамвай және троллейбус көлігі қызметінің тиімділігін арттыру және оның жүйесін дамытудың басым бағыттары төмендегідей белгіленді:
қоғамдық көлік инфрақұрылымын жаңғырту және қозғалыс құрылымын кезең-кезеңімен жаңарту;
озық шетелдік тәжірибе негізінде қалалық қоғамдық көлікті басқарудың заманауи жүйелерін жетілдіру;
республикадағы «жасыл көлік» жүйесінің үлесін ұлғайту арқылы тиімді және экологиялық таза көлік түрлеріне кезең-кезеңімен көшу;
дамыған елдердің ақпараттық технологияларын пайдалана отырып, цифрлық үдерістерді басқару жүйесін енгізу;
салада жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігі мен дағдыларын арттыру үшін жетекші шетелдік білім және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
Заманалық білімге ие кәсіби кадрлар даярлау жүйесін енгізу арқылы саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
2024 жылдың 1 январынан бастап трамвай мен троллейбустарда жолаушыларды тасымалдау үшін жол жүру ақысын төлеудің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі.
Самарқант және Хорезм облыстарының әкімшіліктері Транспорт министрлігімен бірлесіп, 2024 жылдың 1 июньге дейін жолаушылар үшін қолайлы электронды төлемдерді бұқараландыру мақсатында трамвай және троллебус көліктерінде электронды төлем жүйесін қолдануды ынталандыратын тарифтерді халық депутаттары Кеңесінің талқылауынан өткізіп, енгізуді қамтамасыз етеді.
Транспорт министрлігіне электр көлігін дамыту бойынша төмендегі қосымша міндеттер жүктеледі:
қоғамдық көліктегі электр көлігінің үлесін арттыру, халыққа қолайлы жаңа маршруттар желісін жарату;
қоғамдық көлікте электрлік көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
электр көлігіндегі тарифтік саясатты, тарифтер мен алымдарды реттеуге қатысу.
Бір айдың ішінде Көлік министрлігінде министрліктің орталық аппаратта белгіленген штат бірлігі аясында трамвай және троллебус көлігін қамтыған «жасыл көлікті» дамытуға жауапты бөлімше құрылады.
Транспорт министрлігі Ташкент мемлекеттік транспорт университетімен бірлесіп, үш ай мерзімде трамвай және троллейбус көлігіне техникалық қызмет көрсету және оларды ағымдағы жөндеу бойынша білікті кадрларды және трамвай және троллейбус жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлейді, кадрларды даярлау курстарын ұйымдастырады.