баннер
31 Yan 2025
22:50

    Транспорт-логистикалық жүйе одан әрі дамиды

    Өзбекстанның көлік-логистикалық жүйесін 2030 жылға дейін дамыту концепциясы және оны жүзеге асырудың «жол картасы» бекітілді.

    Президенттің «Өзбекстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін одан әрі дамыту іс-шаралары туралы» (ПҚ-28-санды, 27.01.2025 ж.) қаулысы қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, Өзбекстанның көлік-логистикалық жүйесін 2030 жылға дейін дамыту концепциясы және оны жүзеге асырудың «жол картасы» бекітілді.

    Төмендегі көзделген негізгі мақсатты көрсеткіш пен индикаторлар белгіленді, соның ішінде:

    автомобиль, темiр жол және әуе кемесі халықаралық жүк тасымалдаудың жалпы көлемiн кемiнде 2 есеге ұлғайту;

    көлік-логистикалық қызметтері экспортын 2 есеге дейін арттыру;

    контейнерлерде жүк тасымалдау үлесін кемінде 1,5 есеге арттыру;

    Дүниежүзілік банктің Логистикалық өнімділік индексінде (LPI) Өзбекстанның орны 55-орыннан жоғары деңгейге көтеру.

    Халықаралық жүк тасымалдауды ұйымдастыруда көлік-экспедиторлық қызметтерге ҚҚС нөлдік мөлшерлеме бойынша қолданылады.

    2025 жылдың 1 июньнен бастап Мемлекет шекарасы арқылы өтетін автомобиль өткізу пункттерінде автотранспорт құралдарының электронды кезек жүйесі енгізіледі.

    Халықаралық автомобиль көлігі одағымен бірлесе отырып, Халықаралық автомобиль тасымалдары саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша аумақтық оқу орталығы құрылады.

    Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бойында жол бойындағы сервистік (“Service area” ва “Service point”) объектілері құрылады.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech