Неліктен транс майларынан аулақ болу керек?

    Денсаулық 17 May 2023 2459

    Көптеген адамдар фаст-фуд, чипс, картоп фри және түрлі тәттілерді жегенді ұнатады. Дегенмен, осы тағамдарды дайындауда қолданылатын транс майлардың салдарынан әлемде жыл сайын жарты миллион адам өмірден көз жұмады.

    Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары дабыл қағуда.

    Сонымен, транс майлары дегеніміз не? Неліктен бүгінгі күні сарапшылар майдың бұл түрінен толығымен бас тартуды немесе оның мөлшерін минимумға дейін азайтуды ұсынуда?

    Транс майлар арнайы әдістермен өңделген тойынбаған май қышқылдары саналады,— дейді Денсаулық сақтау министрлігінің бас нутрициологы Гули Шайхова. – Сонымен қатар, ол сиыр мен қой сияқты жануарлардың сүт және ет өнімдерінде де табиғи жағдайда кездеседі.

    Бастапқыда жасанды транс майлары материалдық жағынан пайдалы деп саналған. Себебі, олар табиғи сары майларға қарағанда арзанырақ және ұзақ мерзім сақталған. Сонымен қатар, ол өнімдерді бірнеше рет қуыруға мүмкін болған.

    Транс майлардың арқасында бүгінде әлемде фастфуд индустриясы өркендеп келеді. Алайда, өкінішке орай, осындай тағамдардың арқасында әлемде жылына түрлі қауіпті аурулар көбейіп келеді.

    Неліктен? Өйткені адам ағзасы үшін май қышқылдары қандай көріністе түсіп жатқаны маңызды. Майлар жасуша мембраналарының және басқа да биологиялық құрылымдардың түзілуі үшін «құрылыс материалы» саналады. Егер оларда жасанды түрде синтезделген транс формасы болса, олар ағзадағы зат алмасу үдерісіне теріс әсер етеді.

    Атап айтқанда, ағзадағы зиянды холестериннің мөлшерін арттырады. Яғни, төмен тығыздықтағы липопротеиндер қан тамырларының қабырғасында тығын пайда болып, оларды тарылтады. Нәтижесінде ағзадағы қан айналымы және өмірлік маңызды органдардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады.

    Нәтижесінде инфаркт, инсульт және өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты түрлі қауіпті аурулар пайда болады. Сондай-ақ, транс майлары қабыну үдерістерінің жылдамдауы, 2 типті қант диабетінің және онкологиялық аурулардың даму қаупін де арттырады.

    Сондықтан ДДСҰ осы майдың бұл түріне тыйым салуды немесе оны күнделікті тұтынылатын энергияның 1% -на дейін азайтуды ұсынады. Яғни, күнделікті рационда 2000 калория болса, транс майлары 2,2 граммға сәйкес келуі керек. Дегенмен, бүгінгі күні кейбір тағамдарда бұл май түрінің күнделікті шегінен 200 есеге көп болуда.

    Сондықтан мұндай жағдайдағы ең дұрыс әдіс - ықтималы қауіпті тағамдарды тұтынудан толығымен бас тарту немесе олардың мөлшерін минимумға дейін азайту.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates