Өзбекстанда 2 000 және 20 000 сумдық банкноттар айналымға шығарылады

    Қаржы 5 Iyun 2021 2398

    Өзбекстан Республикасының Орталық банкі 2021 жылдың 14 маусымынан бастап номиналы 2 000 сум және 20 000 сум болған жаңа банкноттарды шығару туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды.

    Бұл банкноттар «Ұлы Жібек жолы» және ел аймағындағы ежелгі Бұхара қаласы мен Қарақалпақстан Республикасының тарихына арналған.

    2 000 сумдық банкнотаның алдыңғы және артқы бөліктерінің негізгі түстері қызыл және ашық жасылд болып, негізгі бетінде біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырда салынған, IX-X ғасырларында қайта қалпына келтірілген «Бұхара арки» бейнеленген (қазіргі сурет негізінен XVI ғасырда қалыптасқан).

    Ал, оның артқы жағында біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырлардағы Пойкендтің ежелгі керуен жолының қирандылары, яғни «POİKENDER ARHEOLOGİASYNYÑ ESKERTKIŞI» бейнеленген.

    20 000 сумдық банкнотаның алдыңғы және артқы жағының негізгі түстері көк, күлгін және қоңыр болып, оң жағында, жеңіл фонда, ежелгі «Ұлы Жібек жолының» символы және «20000» саны бар түйе түріндегі су белгілері бар.

    Банкноттың алдыңғы жағының сол жағында қазіргі Қарақалпақстан Республикасы аумағында біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда бой көтерген, ХХ ғасырдың 30-жылдарында табылған «KOYKIRILGAN QALA» сәулет ескерткіші бейнеленген.

    Банкнотаның артқы жағында біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғасырға тиісті болған және Сұлтан Увайс тауларының оңтүстік-шығыс баурайлардың жоғарғы жағында орналасқан «JОNBОS QALA ARXEOLOGIYA ESKERTKIŞI» бейнеленген.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates