Түркі тілдес халықтардың симпозиумы өтті

    Өзбекстан Журналистика және бұқаралық коммуникация университетінің бір топ профессор-оқытушылары Түркияда өткен II Түркі әлемі коммуникациясы және өнер бойынша халықаралық симпозиумына қатысты.

    Симпозиум бір-біріне жақын түркі тілдес халықтардан қатысқан қатысушыларын коммуникация және өнер бағытында шығармашылықпен айналысып, ғылыми ізденулер жүргізіп жүрген ғалымдарды, журналистерді, тағы басқа бағыттағы ғылым мен өнер өкілдерін шын мәнінде біріктірді.

    Симпозиумның ашылу салтанатын ӨзЖБКУ ректоры Шерзодхон Қудратқужа онлайн ретінде кіріспе сөзбен ашып берді, бұл симпозиумды журналистика, коммуникация және өнер саласындағы ғылыми мәселелерді талқылау, өзара тәжірибе алмасу, болашақта біріккен ғылыми зерттеулер жобасын жасау және іс жүзіне енгізуге ұсыну бойынша маңызды әрі болашағы зор платформа міндетін атқаратыны айтылды.

    • Симпозиумда барлық түркі тілдері, говорлар мен диалектілері жұмысшы тіл етіп белгіленді. Расында, түркі халықтары бір-бірін аудармашысыз түсінеді.
    • «Бүгінгі жаңарған Өзбекстанда ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінуде», - дейді ӨзЖБКУ-дің аға оқытушысы Санобар Жуманова. – Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникация университеті түркі тілдес елдердің журналистикасы мен коммуникациясы саласындағы болашақ жобаларды жүзеге асыруда жұмыс жүргізуде.

    Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде Нигде Омар Халисдемир университетінде өткен II Түрік әлемі коммуникациясы және өнері бойынша халықаралық симпозиумына белсене қатыстық. Пікір алмасу барысында барлық бауырлас түркі халықтары мен елдерінің өкілдері Жаңа Өзбекстандағы реформаларға, оның әлемге ашықтығына ерекше тоқталды. Баяндамаларды тыңдап , Өзбекстанның ғұламалар елі екенін сезіндік. « Медиабілімнің ежелгі түркі халықтарындағы көріністері» тақырыбындағы лекциямыз көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Симпозиумның 3- күні Кападокияға саяхат ұйымдастырылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates